28 Қырқ 2023
Жаңалықтар

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
 
Келес Ауданының Прокуратурасының тапсырмасына сәйкес Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және Келес аудандық АПБ-нің, Келес аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. 
 
Рейд жұмыстары ауданның орталығы Абай ауылында жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
 
Тексеру жұмыстары нәтижесінде заңды өкілдерінсіз жүрген жастар анықталып оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
 
Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар