29 Қырқ 2023
Жаңалықтар

“Алтын сақа” олимпиадасы өтті

Ауданымызда 2023жылдың 28 қыркүйек күні сағат 12:00-13:00 аралығында *Алтын сақа* олимпиадасының мектепішілік кезеңі 5-6 сыныптар арасында өткізілді. 

Олимпиада бойынша хат пен ережелер білім беру ұйымдарына жолданған болатын. 

Олимпиадаға сілтеме бойынша тіркелген оқушылар қатыстырылды. 

Мектептерге академиялық адалдықты сақтауын қадағалау қазылар алқасының мүшелеріне тапсырылды.

Дәстүрге айналған олимпиадаға ауданымыздың 55 мектебінен, үздік оқитын оқушыларымыздың қатысатын мәлім болды. 

Аудандық кезеңге әр мектептен 5-сыныптардан 3 оқушы

6-сыныптардан 3 оқушы өтетіні белгілі болды

Оқушыларымызға дода тек сәттіліктер тілейміз. 

Жастар біздің болашағымыз!

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар